"Бастауыш білім беруде ұлттық құндылықтарды насихаттау" тақырыбында облыстық семинар » «Шоқан Уәлиханов атындағы №2 гимназия»
Алматы облысы білім басқармасының
Қонаев қаласы бойынша білім бөлімінің
«Шоқан Уәлиханов атындағы №2 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 2-39-96
Сенім телефоны :
+7-747-879-08-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бастауыш білім беруде ұлттық құндылықтарды насихаттау" тақырыбында облыстық семинар
25
сәуір
2025

"Бастауыш білім беруде ұлттық құндылықтарды насихаттау" тақырыбында облыстық семинар

Қонаев қаласы "№ 2 мектеп" МКМ-де "Бастауыш білім беруде ұлттық құндылықтарды насихаттау" тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға облыс көлемінде бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Бағдарлама бойынша ұстаздар “ Оқытуда кездесетін кедергілер және оларды жеңу жолдары” тақырыбында брифинг өткізді.
Мақсаты: Оқу мен оқытуда бөгет болатын факторларды айқындау, негізгі кедергілерді қарастыру және оларды жою жолдарын анықтау. Ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Қозғалған тақырыптарға тоқталсақ Бастауыш сынып мұғалімі Абиева Жанаркуль “Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытудағы инновациялық технологияларды пайдалану” тақырыбында ой қозғап , ЕБҚ балалармен жұмыстың ерекше әдіс - тәсілдерін көрсетті .
“Оқушылардың оқу жылдамдықтарын қалыптастырудағы қиындықтар және оны шешу жолдары “ тақырыбында Искакова Эра Талантовна сабақтағы әдіс - тәсілдердің тиімді тұстарын айтты . “Білім алушылардың оқыған мәтін немесе ертегілерін көркем тілмен жеткізе алмауы , ойын жеткізу дағдысының қалыптаспауы” тақырыбында Садуакасова Таугуль Саманбекқызы өзекті мәселе қозғап , оқытудағы проблеманы шешу жолдарының әдіс - тәсілдерін көрсетті. Өз кезегінде Шораева Айна Жаксылыковна “ Как формировать коммуникативные навыки у учащихся начальной школы через упражнения и игр по развитию речи?”тақырыбында ой бөлісті .