10
ақпан
2026
Мектебіміздің директоры Шайгузова Руфина Каркеновнаның құрметті еңбек демалысына, зейнет жасына жетуіне байланысты «Еңбектен – зейнетке» атты салтанатты кеш
🔰Мектебіміздің директоры Шайгузова Руфина Каркеновнаның құрметті еңбек демалысына, зейнет жасына жетуіне байланысты «Еңбектен – зейнетке» атты салтанатты кеш ұйымдастырылды.
🔰Аталған кешке білікті де іскер басшыны құттықтау мақсатында қалалық білім бөлімінің басшысы Мөлдір Ахметжанқызы, «Негіз» кәсіподақ ұйымының төрайымы Үміт Газизовна, сондай-ақ қаламыздың мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері қатысты.
🔰Іс-шара барысында әрбір құттықтау сөз Руфина Каркеновнаның білім саласына қосқан өлшеусіз еңбегін, шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы қызметін, ұжыммен атқарған жүйелі жұмысын айқындай түсті. Қонақтар ұстазға шынайы алғыс пен ізгі тілектерін білдіріп, ұзақ жылдық еңбегіне жоғары баға берді.
🔰Кештің мазмұны білім алушылардың әсем әні мен әсерлі биіне, күмбірлеген күйге ұласып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Бұл тағылымды шара жас ұрпаққа еңбектің қадірін ұғындырып, ұстазға деген құрметті арттыра түсті.
🔰Мақсаты:
Ұзақ жылдар бойы білім беру саласында табанды еңбек еткен мектеп басшысының еңбегін ұлықтау, зейнет жасына жеткен ұстазға құрмет көрсету, жас ұрпаққа еңбекқорлық пен адал қызметтің үлгісін насихаттау.