7–8 сынып оқушылары арасында интеллектуалды сайыс » «Шоқан Уәлиханов атындағы №2 гимназия»
Алматы облысы білім басқармасының
Қонаев қаласы бойынша білім бөлімінің
«Шоқан Уәлиханов атындағы №2 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 2-39-96
Сенім телефоны :
+7-747-879-08-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 7–8 сынып оқушылары арасында интеллектуалды сайыс
27
ақпан
2026

7–8 сынып оқушылары арасында интеллектуалды сайыс

https://www.instagram.com/reel/DVPu5DACDhN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

⚜️Қонаев қаласы «№2 орта мектеп» МКМ-де «Смарт бала» жобасы аясында 7–8 сынып оқушылары арасында интеллектуалды сайыс өткізілді.

⚜️Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, зияткерлік әлеуетін арттыру, жылдам әрі дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ білімге деген қызығушылығын күшейту. Сонымен қатар, оқушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіру, топпен жұмыс жасау мәдениетін нығайту және бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу көзделді.

⚜️Сайыс барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша білімдерін сынады. Сұрақтар жалпы білім беру пәндерін, логикалық тапсырмаларды, жылдамдық пен тапқырлықты талап ететін бөлімдерді қамтыды. Әр кезеңде оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын нақты әрі дәлелді жеткізе білді.
Ұйымдастырған физика пәні мұғалімдері Н. Жақан, А. Исаханов.