"Ауылдық мектеп шамы" жобасын ЮНЕСКО
"Ауылдық мектеп шамы" жобасы аясында өтіп жатқан екінші кәсіби кездесу Қонаев қаласы "№2 орта мектеп" МКМ-де өтті. Жобаның мақсаты шалғай мектептердегі ұстаздардың көшбасшылығын дамыту, кәсіби қауымдастық құру. "Ауылдық мектеп шамы" жобасын ЮНЕСКО Алматы аймақтық кеңсесінің қызметкерлері мен "Teashers lab" компаниясының фасилитаторлары ұсынуда. Ұстаздар оқыту үрдісіндегі кездескен келелі мәселелерін шешу жолдарын ортаға салып қарастырды. Жоба жұмыстары презентация, постер түрінде таныстырылды.