06
қыркүйек
2024
"№2 орта мектеп" МКМ-де АЭС-тің пайдалы тұстары жайлы жиын өткізілді
"№2 орта мектеп" МКМ-де АЭС-тің пайдалы тұстары жайлы жиын өткізілді. Жиын барысында педагогтерге АЭС-тің ел экономикасына пайдасын орасан зор екендігі айтылды. Мамандар зерттеуінше бір АЭС жыл сайын орта есеппен 20 млн тоннаға дейін СО2 қалдықтардың алдын алса, 1 кг уран 100 тонна көмір немесе 60 тонна мұнайға тең энергия шығарады екен. Бағамдасақ, бұл электр стансасының қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі айтарлықтай екендігіне көз жеткізуге болады. Атом энергиясын экспорттаудың арқасында экономика гүлденеді, инновациялық жобалар көбейеді әрі дамиды. Атом энергетикасын бейбіт мақсатта қолдана отырып, еліміздің халықаралық аренадағы позициясы нығаяды.
https://www.instagram.com/p/C_nAPQyIVCW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/C_nAPQyIVCW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==