«Педагогтердің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасаудағы ерекшеліктері мен кешенді әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар-практикум » «Шоқан Уәлиханов атындағы №2 гимназия»
Алматы облысы білім басқармасының
Қонаев қаласы бойынша білім бөлімінің
«Шоқан Уәлиханов атындағы №2 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 2-39-96
Сенім телефоны :
+7-747-879-08-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Педагогтердің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасаудағы ерекшеліктері мен кешенді әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар-практикум
09
желтоқсан
2024

«Педагогтердің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасаудағы ерекшеліктері мен кешенді әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар-практикум

2024 жылғы 6 ​​қараша күні Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» 2024 жылғы 6 ​​қараша күні Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» №2 және №5 орта мектебінің арнайы мамандарының ұйымдастыруымен жалпы орта білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына арналған «Педагогтердің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасаудағы ерекшеліктері мен кешенді әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Семинар барысында №2 мектеп арнайы мамандары "Сабақ өту сәтіндегі ойындардың рөлі" тақырыбында мектептің дефектолог маманы Наужанова Еркежан Төкенқызы және "Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға ұсақ маториканы дамытуды қолдану" іс тәжірибесімен Тайшыбаева Құралай Қабидоллақызы ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеудің қыр-сырын іс жүзінде көрсетті.

Сонымен қатар, оқыту барысында ойындардың, әртүрлі әдістері арқылы түзету жұмыстарын тиімді жүргізу, ата-аналармен жүргізілетін бірлескен жұмыс түрлері, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру алгоритмі көрсетілді.

Семинар барысында Наужанова Еркежан Төкенқызы «Өрмекші торы» тренингісі арқылы жұмыста кездесетін қиындықтарды талқылап, оның шешілу жолдарын арнайы маман Жансая Серікқызының кеңестеріне құлақ аса отырып, шешілу жолдарын қарастырды.