«Жасанды интеллект пен көшбасшылық: педагогикалық инновация – ізденістен өзгеріске» тақырыбында қалалық ашық алаң » «Шоқан Уәлиханов атындағы №2 гимназия»
Алматы облысы білім басқармасының
Қонаев қаласы бойынша білім бөлімінің
«Шоқан Уәлиханов атындағы №2 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 2-39-96
Сенім телефоны :
+7-747-879-08-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жасанды интеллект пен көшбасшылық: педагогикалық инновация – ізденістен өзгеріске» тақырыбында қалалық ашық алаң
15
сәуір
2026

«Жасанды интеллект пен көшбасшылық: педагогикалық инновация – ізденістен өзгеріске» тақырыбында қалалық ашық алаң

🔰Алматы облысы білім басқармасы Қонаев қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «№2 орта мектеп» МКМ-де «Жасанды интеллект пен көшбасшылық: педагогикалық инновация – ізденістен өзгеріске» тақырыбында қалалық ашық алаң өтті.

🔰Мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, білім беру үдерісінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану жолдарын көрсету, мұғалімдердің көшбасшылық қабілеттерін дамыту және инновациялық тәжірибелермен алмасу.

🔹Шараға қатысқан қонақтар: 
— Мейіргүл Алпысбаева - ЮНЕСКО- ның Алматыдағы өңірлік кеңсесінің орта білім беру бөлімінің басшысы; 
—Сауле Зейнолла-Teachers Lab компаниясының директоры; 
—Тажиева Маржан-Teacher Lab компаниясының эксперт-тренері;

🔰Іс-шара барысында қатысушылар жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісіне енгізудің тиімді тәсілдерімен танысып, тәжірибелік жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар педагогикалық ізденіс арқылы оқыту сапасын арттыру, заманауи білім беру технологияларын қолдану және мұғалімдердің кәсіби ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды.