Информатика пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық және логикалық қабілеттерін арттырудың тиімді жолдары » «Шоқан Уәлиханов атындағы №2 гимназия»
Алматы облысы білім басқармасының
Қонаев қаласы бойынша білім бөлімінің
«Шоқан Уәлиханов атындағы №2 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 2-39-96
Сенім телефоны :
+7-747-879-08-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Информатика пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық және логикалық қабілеттерін арттырудың тиімді жолдары
20
наурыз
2025

Информатика пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық және логикалық қабілеттерін арттырудың тиімді жолдары

Информатика курсы бойынша жүргізілетін дәстүрлі сыныптан тыс жұмыс түрлеріне: үйірме, факультативтік курстар, экскурсия, олимпиада, әртүрлі қызықты кештер мен сайыстар, ғылыми жұмыстарды жатқызуға болады. Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс өтілетін сайыстардың маңызы зор.
Сыныптан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді.
Мысалы, үйірмелер отырысы, қосымша сабақтар, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан тыс жұмыстарға жатады. Бірақ кей жағдайларда оқушы белсенділігі мен басқаруында болады.
Информатикадан факультатив сабақтарының негізгі мақсаты оқушылардың білімдерін тереңдету кеңіту, пәнге деген оқушының қызығушылығын дамыту, қабілетін дамыту, информатикамен өз бетінше жұмыстар атқаруға талғамдары мен қызығушылықтарын ояту, шығармашылықтары мен белсенділіктерін тәрбиелеу мен дамыту болып табылады.
Информатикадан сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесіне жүргізілген талдаулар факультативтік сабақтар мен олимпиадалар өткізу мәселесімен ғана шектеледі. Бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайық, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектепте оқытылатын пәндер бойынша оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі. Осындай жұмыс түрі информатика курсы бойынша жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстардың бірі - оқушылардың үйірме жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Информатика пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстарды зерттеуге арналған еңбектер өте аз, тіпті жоқтың қасы деуге болады.
Бұл мәселе оқушылардың түрліше ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады.
Біріншіден, информатика пәнінен өткізілетін үйірме жұмысының мазмұны мен құрылымын анықтау алдыңғы кезекте қарастырылатын негізгі мәселе болып табылады. Екіншіден, информатика пәні бойынша өткізілетін сабақтан тыс жұмыстардың құрылымына дамытушы компоненттерді енгізу тәсілін анықтау қажет екені көрінеді. Сабақтан тыс кездегі информатикадан шығармашылық қабілеттіліктің даму тәсілдері осы салада жинақталған педагогикалық тәжірибеге, нақты педагогикалық материалдарды ұйымдастыруға, оқыту тұжырымдамасына, дидактикалық принципке байланысты екені көрініп тұр. Осы саладағы жүргізілген зерттеулерден, біріншіден, оқушының шығармашылық қабілетінің тайыздығы немесе мүлдем жоқтығы, екіншіден шығармашылық қабілеттіліктің даму қорытындысы мен оған педагогикалық тұрғыдан әсер етудің арасындағы қиыншылық байқалады. Информатика пәнінен оқушыларды үйірме жұмыстарына бейімдеу ақыл-ойды сатылап қалыптастыру теориясына сай жүргізілген жағдайда оқушылардың стандарт талаптарын қанағаттандыратын оқу жұмысына қол жеткізуге болады.
Қазіргі қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғалығын қарастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оларды қолдану қабілеттілігін қалыптастыруда информатика пәнінің маңызы зор.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік демократиялық өзгерістерге сәйкес компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың қарқынды даму салдарынан информатика курсын оқытуға қойылатын талаптар күн сайын ұлғаюда.
Сыныптан тыс жұмысты жоспарлауды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудан бастау қажет.

Сабақ барысында ұжымдық шығармашылықтың қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетсек:

 өзіндік пікірлерін дәлелдеу;
 пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет;
 өзінің жолдасына, мұғалімдерге сұрақ қоюы;
 жолдасының жауабына пікір айту;
 сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмыстарын бағалау;
 үлгерімі нашар сыныптастарын оқытумен айналысу;
 үлгермеушілерге түсініксіз материалдарды түсіндіру;
 өз бетімен қиын тапсырмаларды таңдау;
 танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын көрсету;
 өзіндік бағалауға жағдай туғызу, өзінің танымдық және практикалық әрекеттерін талдау;
 танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдісті қолдану арқылы орындау.
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, оқушы үшін маңызды жақтары төмендегідей:

 оқушының танымдық ізденімпаздығы қалыптасады;
 сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;
 кітаптармен, көркем және ғылыми әдебиеттермен, баспа материалдарымен жұмыс жасау біліктерін қалыптастырады;
 ұжымдық ой-пікірлері жетіледі, топ мүшелерін пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;
 оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;
 өз әрекеттеріне сын тұрғысынан қарауға;
 тұжырым жасап қорытындылауға;
 мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасы ынтымақтастықта болып, сенмділіктері артады.
Бұл сәтте мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

 өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуге;
 оқушы дарындылығының моделін білу;
 қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
 оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;