23
мамыр
2026
Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, Жаратылыстану институты, Биология кафедрасының оқытушылары кәсіби бағдар беру бойынша кездесу
23.02.2026 жылы Алматы облысы Қонаев қаласы “№2 орта мектеп” МКМ 9–11-сынып қыздарына оқушылардың өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтауын қалыптастыруға ықпал ету және ЖОО саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатында Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, Жаратылыстану институты, Биология кафедрасының оқытушылары кәсіби бағдар беру бойынша кездесу өткізді.
«ҚызҰҚПУ Жаратылыстану институты заман талабына сай мамандар даярлайды» атты кездесу барысында Биология кафедрасының оқытушысы Қоңырова Ж.Б., аға оқытушы Әбітай Ә.Н., х.ғ.к., аға оқытушы Досмаил Т.Ш., PhD, аға оқытушы Сыпабекқызы Г. жаратылыстану мамандықтары бойынша 2024-2025 жылғы қабылдау науқанының нәтижелері жөнінде ақпарат беріп, оқушыларды білім беру бағдарламаларымен таныстырып, болашақ түлектер тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Сонымен қатар, оқушыларды университеттің мүмкіндіктерімен жақынырақ танысу үшін «Ашық есік күндеріне» шақырды.
Оқушыларға кәсіби бағдар беру мен кәсіби мамандарды даярлау мектеп пен университетті ойландыратын ортақ мәселе және оны шешуде күш біріктіру маңызды.
https://www.instagram.com/reel/DVG70osjdNG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==