2025 жылғы 24 қараша халықаралық PISA зерттеуі
2025 жылғы 24 қараша күні мектепте халықаралық PISA зерттеуі жүргізілді. Бұл зерттеу – оқушылардың білімді өмірлік жағдайларда қолдану қабілетін, яғни функционалдық сауаттылығын анықтауға бағытталған. PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуі үш негізгі бағыт бойынша өтті:
1. Оқу сауаттылығы – мәтінді түсіну, негізгі ойды анықтау, дәлел келтіре алу және ақпаратты дұрыс пайдалану қабілеті.
2. Математикалық сауаттылық – есеп шығару ғана емес, математикалық ойлау мен өмірде кездесетін мәселелерді шешу үшін математиканы қолдана білу.
3. Жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық – ғылыми түсініктерді меңгеру және оларды күнделікті өмірмен байланыстыра білу.
PISA мақсаты:
– Білім беру жүйесінің тиімділігін бағалау;
– Оқушылардың білімді тәжірибеде қолдану қабілетін анықтау;
– Жүйелі салыстыру арқылы білім беру саясатын жетілдіруге үлес қосу.
Мектептегі оқушыларға диагностикалық тесттер жүргізілді. Мұғалімдерге әдістемелік семинарлар ұйымдастырылды. Мектеп бойынша 15 жасқа толған 50 оқушы тест тапсырды.
Посмотреть онлайн файл: almatinskaja_4463_gku-srednjaja-shkola-2-1.xlsx
Посмотреть онлайн файл: spisok-9-11.xlsx
Посмотреть онлайн файл: onaev-2-om-piza-2025-hattama.pdf
Посмотреть онлайн файл: almatinskaja_4463_gku-srednjaja-shkola-2-1.xlsx
Посмотреть онлайн файл: spisok-9-11.xlsx
Посмотреть онлайн файл: onaev-2-om-piza-2025-hattama.pdf